Брон жарқырауы тиіс! Ұлттық ұлан әскери техниканы шеруге дайындауда

28.03.2025, 09:18
829
Брон жарқырауы тиіс! Ұлттық ұлан әскери техниканы шеруге дайындауда ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 2025 жылғы 7 мамырда Астанада өтетін Жеңіс шеруіне белсенді дайындық жүргізуде.

Ұландықтар брондыкөліктерге техникалық қызмет көрсетіп, әскери техниканың корпустарын жаңалауда.  Одан бөлек дөңгелектерін қаралап, әскери техниканың мінсіз көрінуін қамтамасыз етуде.

Шеруге Ұлттық ұланның заманауи бронды техникасының 17 бірлігі, оның ішінде «Барыс» 6 × 6, «Алан-2», сондай-ақ «Cobra II» қатысады. Бұдан бөлек қауіптілігі жоғары  аймақтарда 17 адамға дейінгі жеке құрамды тасымалдауға қауқары бар  «Урал ВВ» машинасы ұсынылады.

- Оқ өткізбейтін дөңгелекті бронды көліктер жеке құрам мен жүктерді тасымалдауға, сондай-ақ қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауға арналған, – деп атап өтті бронды танк қызметінің бастығы Арсен Шаймарданов.

Шеру кезінде техниканың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жауынгерлік машиналардың экипаждары, жүргізушілері, техникалықмамандары және медициналық қамтамасыз ету топтары жұмылдырылған.

Айта кетейік, Ұлттық ұланның құрамында механикаландырылған колоннадан басқа шеруге 400-ден астам әскерилер қатысады. Оның ішінде патрульдік-бекеттік қызметтің әскери қызметшілерінен және «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жауынгерлерінен тұратын  екі колоннаның сап түзеп өтуі жоспарланған. Сондай-ақ,  Қазақстанның Күшқұрылымдарының құрама оркестрінің сапындағы құқықтық тәртіп әскерлерінің 30 әскери қызметшісі Жеңіс шеруін музыкалық сүйемелдейді.

Биыл Жеңіс шеруіне ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының 4,5 мың әскери қызметшісі қатысады. Алғаш рет Қазақстан аумағында құрылған әскери бөлімдер жауынгерлік туларын салтанатты алып өтеді. Сап түзеген колонналар әскери жылдардағы киім үлгісінде болады.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады